IT-бауырсақи
583 subscribers
1.72K photos
242 videos
26 files
3.4K links
Сәлеметсіз бе! Наливай чаёк, присаживайся рядом! Мы и наш бот Ағын расскажем тебе про IT, новейшие технологии, ноутбуки и смартфоны. У нас ты узнаешь про права человека в интернете, инфобезопасность и оценишь юмор искусственного интеллекта.
Download Telegram
Forwarded from Internet Freedom
​​Біз шатдаундарға тыйым салып, қазақстандықтардың Интернетті еркін пайдалануын қамтамасыз етуді талап етеміз!

🚩 Интернет шатдауны дегеніміз
– үкіметтің белгілі бір өңірлерде не ел аумағында толықтай не ішінара Интернетті бұғаттау тәжірибесі. Шатдаундар адамдардың пікірін еркін білдіру құқын, ақпаратқа қолжетімділік пен адамның басқа да фундаментал құқықтарын бұзады. Себебі интернет адам өмірінің маңызды бөлігіне, экономика негізіне, ақпарат алу көзіне айналды.

Көбіне шатдаун қауіпсіздік үшін қажет деп түсіндіріледі. Алайда, интернетті бұғаттау және өшіру қауіпсіздікке ықпал ететіні дәлелденбеген. Алайда, интернетті бұғаттау және өшіру қауіпсіздікке ықпал ететіні дәлелденбеген.

Керісінше, интернетті бұғаттау азаматтардың маңызды ақпарат алуына тосқауыл болып, хаос тудырады және жеке тұлғаларға, бизнеске, бюджетке айтарлықтай экономикалық зиян келтіреді.

Жоғарыда айтылғандарды халықаралық құқық нормалары және интернетке қол жетімділікті адам құқықтарын жүзеге асырудың қажетті құралы ретінде танитын Біріккен Ұлттар Ұйымының дәйекті ұстанымы растайды.

2022 жылғы «Қанды Қаңтар» кезінде тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ұзақ әрі ауқымды Интернет шатдаун жасалды. Газ бағасының өсуі мен саяси дағдарысқа көңілі толмаған халық жаппай наразылық білдіргені үшін Интернет өшірілді.

♦️ Бұл адам өмірі мен құқығына қатысты мынадай жайсыз жағдайларға әкеп соқты:

▪️ Туған-туыстар мен достарға хабарласу мүмкіндігінің болмауы;
▪️ Банк, бизнес пен медицина ұйымдары жұмысының ауытқуы;
▪️ Адам құқығының бұзылғаны туралы деректі, тәуелсіз ақпарат көздері мен балама пікірді оқуды шектеу;
▪️ Мүгедектігі бар адамдардың құқығын шектеу;
▪️ Интернет өшірілгенінің кесірінен қалада не болып жатқанын білмегендер жазықсыз оққа ұшты.

Біз, төменде қол қойған Қазақстан азаматтары, биліктен халық үшін үздіксіз және қауіпсіз интернетке кепіл беруді талап етеміз.

Интернет шатдаун біздің құқығымыз бен еркіндігімізді бұзып, қоғамның дамуына қауіп төндіреді деп есептейміз. Біз билікті цифрлы ортада адам құқын қорғау міндеттерін ұстанып, мұндай салдары жаман тәжірибеге жол бермеуге шақырамыз.

Қазақстан Республикасының билігі мемлекеттік органдарға интернетті бұғаттауға мүмкіндік беретін нормаларды (Байланыс туралы заңның 41-1-бабы, Төтенше жағдай туралы заңның 14-1-бабы 1-тармағы, 15-бабы 10-тармағы) заңнамадан алып тастауы тиіс. Сондай-ақ, Қазақстан заңнамасын халықаралық нормаларға сәйкестердіре отырып, адамдарға ашық, қауіпсіз және сапалы интернетті қамтамасыз етуі қажет.

☑️ shutdown.kz сайтына өтіп, онда сіз науқанның барысы мен сәттілігіне петицияға қол қою, стратегиялық сот процесіне қатысуға өтініш қалдыру, әлеуметтік желілерде көпшілікке қолдау көрсету немесе 2022 жылдың қаңтарындағы қайғылы оқиғалардан, соның ішінде интернетті өшіруден қалай зардап шеккеніңіз туралы жеке оқиғаңызбен бөлісу арқылы әсер ете аласыз.

#StopShutdownKz